Семейде жылу беру маусымы 15 қазанда басталады
Семей қаласында жылу беру маусымы 15 қазанда басталады.
Ал әлеуметтік нысандарға жылу келесі аптадан бастап беріледі. Қазір жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жаз бойы су ысытатын қосымша қазандықтар орнатылды. Ертістің сол жағалауындағы көпқабатты үйлер үш бу қазандығымен жылытылады. Тұрғын үй алаптарына жарты ғасырдан бері ыстық су жеткізген магистральді желілер де ауыстырылды. Жаңғырту жұмыстарына мемлекет қазынасынан 24 миллиард теңге жұмсалды.
Николай Дёмин, "Жылукоммунэнерго" МКК директорының орынбасары:
- Жылу жүйесінің 68%-і тозығы жеткен. Құбырдың кейбір тұстары 3 миллиметрге дейін жұқарған. Осының кесірінен біз өткен жылу маусымында тиісті қысымды жібере алмадық. Ал биыл толық қуатқа шығамыз деп отырмыз. Жалпы биыл бұған дейін болмаған көлемде жөндеу жұмыстарын жүргіздік.