Биыл «Самұрық-Қазына» алты ірі жобаны аяқтайды
«Самұрық-Қазына» инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, қорға қарасты бейінді емес активтерді жекешелендіруі керек.
Әрі компанияларға халықтық IPO өткізуі қажет. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасына осындай тапсырма берді. Нұрлан Жақыпов Президент қабылдауында болып, қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысын баяндады. Бұдан бөлек, компаниялар тобының өндірістік және қаржылық көрсеткішін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелерді айтты.