Энергетикалық жүйені жетілдіру

Еліміздің батыс өңіріндегі энергетикалық жүйені жетілдіру мақсатында кешенді жобалар іске асады.

Бұл туралы Атырау облысына іс сапармен барған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. «Қашаған» кен алаңының аумағынан жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт салынып жатыр. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін «КЕГОК» ұлттық тасымалдау компаниясы қосымша 220 килоВольттік электр желісін іске қосады. «Бүгінде Атырау облысы 720 мегаВатт сағат қуат тұтынса, оның 414 мегаваты ғана облыста өндіріледі. Өндірісі қанат жайып келе жатқан өңірде электр энергиясына деген сұранысты қанағаттандыру үшін жаңа жобаларды іске қосамыз»,- деді министр.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- «Қарашығанақ» кен алаңынан алынатын газ көлемін жылына 4 млрд текше метрге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ батыс өңірдегі энергеткиалық жүйені оңтайландыру мақсатында басқа да ірі жобалар бар. оның бірі ұлттық энерегтикалық жүйені күшейту. Бүгін біз «КЕГОК-тің» базасында жедел штабтың отырысын өткіздік. Ол жерде Атырау «Жылу қуат орталығы», Атырау жылу жүйелері мекемелерінің келер қысқа дайындығын тыңдадым.