Ақтауда тағамдар фестивалі өтті
Ақтауда әлем елдері және қазақтың ұлттық тағамдары фестивалі өтті.
Дәстүрлі шараға 300-дей турист пен қала тұрғыны қатысты. Тақырыптық саябақта 20-ден аса мейрамхана-дәмхана аспазы түрлі тағам әзірлеп, дайындау тәсілімен бөлісті. Көрермен дәм татып өз бағасын берді. Бір атап өтерлігі, демалушылар саябаққа тегін кіріп, атракциондарда ақысыз көңіл көтерді. Фестиваль аясында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Ақтауда осыған ұқсас танымдық шаралар ұйымдастырылмақ.
Аяулым Қыдырбаева, қала тұрғыны:
- Теңіз жағасында өткен тағамдар фестивалі маған қатты ұнады. Бұрын өзім көрмеген тамақ түрлерімен танысып, дәмін татып қарадым. Аспаздардың шеберлігі сырт көзге бірден байқалады. Сол жерде ірімшік, құрт дайындауды а үйрендім. Алдағы уақытта Ақтауда осындай шаралар жиі өтіп тұрса, өте жақсы болар еді. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.