Алматы облысында жалған ақша жасап сатқандар ұсталды
Екі азамат 100 долларлық купюраны 15 мың теңгеден өткізген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заңсыз әрекет кезінде күдіктілер ұсталып, бұлтартпау шарасы қолданылды. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып алынды. Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.