Астанада Отандастар форумы өтті

Шетелдердегі қазақ кәсіпкерлерінің басын қосып, бизнес-форум өткізу және меценаттар клубын құру.

Бүгін елордада өткен Отандастар форумында осындай ұсыныс айтылды. Астанадағы алқалы жиынға жырақта жүрген 200-ден астам адам келді. Форум барысында қандастарымыз тілді дамыту, шетелдегі қазақтарды қолдау жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Мәселен, Ұлы ақын - Абай Құнанбайұлының шығармаларын қытай тіліне аударған жазушы Ақбар Мәжит жас дарын иелерінің кітаптарын басып шығаруда қаржылай қолдауды арттыру керектігін айтты.

Ақбар Мәжит, жазушы:

- «Отандастар қоры» бастаған тамаша бастама – шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының кітаптарын басып шығару жобасының қаржысын ұлғайту керек сияқты. Сондай-ақ, шетелдегі талантты қазақ ақын-жазушыларының мерекелі айтулы күндерін Қазақстанда атап өтіп, оларды мемлекеттік әдеби сыйлықтармен марапаттау қажет деп ойлаймын.