«Семей орманы» резерватында қандай өзгерістер болды?
«Семей орманы» резерватында орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтілді.
Сала мамандары кәсіби мерекені бір минут үнсіздікпен бастады. Естеріңізде болса, биыл жазда Абай облысында алапат өрт болып, қызмет барысында 15 азамат мерт болған еді. Қайғылы оқиғадан кейін не өзгерді?
Ирма Трущинаның Батпаев орман шаруашылығында еңбек етіп жүргеніне қырық жылға жуықтады. Алғашында радиобайланыс операторы болған. Ал қазір басшылық қызметте. Алапат өрт басталған кезде ол оқиға орнына ағашқылардың бірі болып қолда бар техниканы жіберген.
Ирма Трушина, Батпаев орман шаруашылығы басшысының орынбасары:
- Төтенше жағдай кезінде біз уақытында көмек сұрадық. Алайда техникалар жолда бұзылып, сол күйі діттеген жерге уақытында жете алмады. Өте өкінішті. Салдарынан қаншама жылғы еңбегіміз зая кетті. Қайғылы жағдайдан кейін бұл салаға көңіл бөліне бастады. Қажетті қондырғылармен бірге жаңа техникалар сатып алынып жатыр.
Бүгінде материалдық-техниканы жаңарту үшін ел қазынасынан екі жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Мұнымен қоса демеушілер де көмек көрсетіп жатыр. Мәселен «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры бес филиалға патрульдік көлік сатып алып берген.
Төлеген Галлямов, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты бас директорының орынбасары:
- Өрт сөндіретін машиналар келіп жатыр. Айлық июнь айынан бастап көтерілді. Инспекторларға 100 пайыз көтерілді. Ал енді трактарист мына жүргізушілермен өрт сөндірушілерге 70 пайыз еңбекақы қосылды.
Биыл семейлік орманшылар үшін оңай жыл болмады. Алдағы жоспарда ауқымды.
Антон Перфильев, орман шаруашылығының инженері:
- Жанған аумақтан 600 гектардан жер бөлінді. Енді біз оны қайта қалыпқа келтіруіміз керек. Ол үшін арнайы кешенді жоспар бекітілді. Биыл басталған жұмыстар келер жылы да жалғасатын болады.
Жазда болған орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Іс бас прокурордың жіті бақылауында.
Самат Қайырденұлы, Әсем Өтешова, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы