Интернет платформада жұмыс істейтіндердің қызметі заңдастырылмақ

Елімізде интернет платформаларда жұмыс істейтін азаматтардың қызметі заңдастырылмақ.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты. Министрдің айтуынша, осыған орай бірқатар шара қабылданған. Оның ішінде Әлеуметтік кодекс шеңберінде «Тәуелсіз орындаушы», «Интернет платформа операторы» ұғымдарын және тапсырыс берушілердің құқықтық мәртебесі заңнама тұрғысында бекітілген. Осы орайда министрлік пен Мемлекеттік кірістер комитеті «Яндекс» платформасына салық агенті ретінде құқықтық мәртебе беріп отыр. Қазір солармен бірге пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. Салықтың мөлшері 4% көлемінде белгіленген. Енді қолданыстағы заңнама бойынша олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек.