Елімізде тағы екі кәсби мереке пайда болады

Елімізде тағы екі кәсби мереке пайда болады
elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ашық НҚА-ға министрдің бұйырығына толықтыру енгізу туралы құжат жариялады.

«Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтыру енгізу туралы бұйрықта елімізде тағы екі кәсіби мереке аталып өтетіні айтылған.

Аталған бұйрықпен бекітілген кәсіби мерекелер тізбесі «Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан»; «Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі» деген екі мерекемен толықты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде 51 кәсіби мереке бекітілген болатын. Аталған екі мерекемен қосқанда еліміз бұдан былай 53 кәсіби мерекені атап өтеді.