Ақтөбе облысында күзгі ағаш отырғызу науқаны басталды
Орманшылар шаһар маңындағы жазық даланы талдары қаз-қатар тізілген тоғайға айналдырамыз деп отыр.
Көктемде 130 гектарға жуық жерге жасыл-желек отырғызылды. Жаңа алқаптарды егу қар түскенге дейін жалғасады. Қазір бұл жұмыстарға өңірдегі барлық орман шаруашылығы жұмылдырылып отыр. Жергілікті тәлімбақтарда өскен қарағаш пен қараған көшеттері таңдалып алынған. Себебі жерсінген өсімдіктердің тамыры тереңге бойлап, жайқалып өсу ықтималдылығы жоғары. Жалпы орманшылар алдында 5 жыл ішінде 60 млн түп ағаш отырғызу міндеті тұр.
Сәбит Дүйсекенов, облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы:
- Жоспар бойынша 8 орман шаруашылығымызда 7300 гектар жерге ағаш отырғызу жұмыстары басталуда қазіргі таңда. 100 мың түп ағаш ағаш осы жерге әкелінді тәлімбақтан. Жұмысы басталды. Орман өртінің алдын алу жұмыстарының барлығы да атқарылды.