55 мың қазақстандықтың банкроттық өтініші мақұлданбады

Елде 55 мың адамның банкроттық өтініші мақұлданбады.

Себебі кейбірінің атында мүлік болған. Сондай-ақ қарыз көлемі мен төлем  бойынша, берешек мерзімдері сәйкес келмеген. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Банкроттықты рәсімдеуге заңнамалық талаптар да кедергі болып отыр дейді, ол. Осыған байланысты соттан тыс банкроттыққа жататын қаржылық ұйымдардың тізімін кеңейтуді ұсынды. Сондай-ақ, азаматтардан соттан тыс банкроттық туралы, өтінішке қосымша құжат талап етпеуді, енгізуді ұсынды.