Интернет сауда-саттыққа шағым көбейді
Елімізде интернет сауда-саттыққа қатысты шағым 4 есе өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Электронды сауда алаңдарында әсіресе сапасыз тауарға шағым көп. Кері қайтару кезінде де мәселе бар. Жыл басынан бері маркетплейстерді қолданушылар тарапынан 6 мыңға тарта арыз-шағым түскен. Бұл жағдай жауапты органдарды алаңдатып отыр. Өйткені қолданыстағы заң интернеттегі сауда-саттықты реттеуге қауқарсыз. Сондықтан қазір тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша жаңа заң жобасы қаралу үстінде. Сондай-ақ елімізде тұтынушылар мүддесін қорғайтын омбудсмен институты құрылады.
Серік Құсайынов, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
- 6 мыңдай шағым түсті электрондық саудаға. Мысалы, былтырғы жылы 4 есе төмен болды шағымдар. Қазір көбейіп жатыр ондай шағымдар. Былтырғы 9 аймен салыстырғанда 4 есеге көбейді. Заң жобада новелла бар. Жай стационарлық объектілер бар ғой, электрондық сауда платформаларын соған теңестіреміз. Олар да сауда объектісі болады. Келешекте оларды жауапқа тартуға болады.