Тарихи ескерткіштерді сақтау акциясы басталды

Вандализмге жол жоқ! Осындай ұранмен «AMANAT» партиясы Қазақстанда табиғи және тарихи ескерткіштерді сақтау бойынша ауқымды акция бастады.

Белсенділер ел бойынша ескерткіштерді, онымен іргелес аумақты тазартып ретке келтіреді. Жастар осы іспен қатар туған өлкенің тарихын, дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды зерделеуге мүмкіндік алады. Бүгінде 50-ден астам белсенді «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі «Жұмақтас» жартасын тазалауға кірісті. Ескерткіштерді қалпына келтіру және тазартуға арналған акция еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.