Мереке қарсаңында Шахтинск қаласында 60 отбасы баспаналы болды
Республика күні қарсаңында Шахтинск қаласында 60 отбасы баспаналы болды.
Олар көпбалалы отбасы және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Жаңа үйде бар жағдай жасалған, ауласы абаттандырылған. Шахтинск қаласында кешенді жоспар бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын баспанамен қамту үздіксіз жүргізіледі. Бүгін пәтер кілтін алғандардың дені он жылдап кезекте тұрғандар.
Жанета Есімғалиева, Шахтинск қаласының тұрғыны:
- Республика күні қарсаңында ойламаған жерден баспаналы болып жатырмын. Бұл біз үшін қандай қуаныш екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Балаларым да өзіміздің үйіміз болады деп төбесі көкке жетті. Жаңа үйдегі үш бөлмелі пәтеріміз қуанышқа торларына сенемін.