Ақпарат және мәдениет саласының бір топ қызметкеріне мемлекеттік награда табыс етілді
Мерекелік марапат.
Бүгін елорда төрінде ақпарат және мәдениет саласының бір топ қызметкеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді. Салтанатты рәсім Қазмедиа орталығында өтті. "Құрмет", "Парасат" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалін жиылғандарға министр Аида Балаева табыстады. Бірқатары министрдің арнайы алғыс хатына ие болды. Марапат төрінен көріндердің арасында танымал журналистер, жазушылар мен қоғам қайраткерлері бар. Іс-шара мерекелік концертпен түйінделді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Бұл мереке - ұлттық мереке мәртебесін алды. Сондықтан барлықұ қазақстандық үшін айрықша күн. Қазақстанымыздың дамып-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарымызға бүгін мемлекеттік наградаларды ұсынып жатыр. Біздің де салада осындай азаматтар аз емес.
Роза Мұқанова, жазушы, "Құрмет" орденінің иегері:
- Мемлекеттік деңгейдегі марапат - шығармашылық адамдарын рухани қолдау, әрине біздің өзімізде де жауапкершілік оянады. Алда үлкен жоспарлар бар. Елге қажет дүниелерді жазуымыз керек. біздің аға толқын жасап кеткен ұлы әдебиеттің үрдісін жалғастыруымыз керек. Мереке құтты болсын, елге амандық тілеймін.