Кипр қылмыскерге пана болмайды
Енді Кипр қашқындарға пана бола алмайды.
Сенат Қазақстан мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыскерді ұстап беру туралы шартты мақұлдады. Құжат іздеуде жүрген тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту үшін экстрадициялау мәселелерін реттейді. Шартта көрсетілгендей, тұлғаның іс-әрекеті алдымен екі елде де қылмыс ретінде танылуы тиіс. Және ол үшін қарастырылған бас бостандығынан айыру мерзімі 1 жылдан асуы қажет. Ал сот үкімінен қашып жүрген қылмыскерге тағайындалған жаза мерзімі 6 айдан кем болмауы керек. Сондай-ақ Сенатта қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт та қолдау тапты.
Айта кетейік, осы күнге дейін Қазақстан 21 елмен экстрадициялау туралы келісімге қол қойды.