Е. Саиров: Президенттің инвестормен келісімді бұзу туралы тапсырмасын құптаймын

«Ел азаматтарының мүддесін қорғамайтын «АрселорМиттал» Қазақстаннан кетуі керек». Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осылай деп мәлімдеді.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 1995 жылдан бастап бүгінге дейін осы Қарағандыдағы «АрселорМитталда» 200-ге тарта адам жарақаттанып, 100-ден астам адам қайтыс болды. Ол Миттал мырзаның Қазақстандағы жұмысы Қазақстанның азаматтарының өміріне немқұрайлылықтың мысалы болып табылады. Міне, осы 30 жылдың ішінде өндірісті модернизация жасауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көк тиын жұмсалынбаған. Бүкіл тапқан-таянғанының барлығын бұл компания шетелге, өздерінің қалталарына салып отырған. Сондықтан Қазақстанның азаматтарының мүддесін қорғамайтын инвесторлар Қазақстаннан кету керек. Бұл жөнінде біз бұрыннан айтып жүрміз. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы «АрселорМитталмен» конрактіні бұзу жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Менің ойымша, бұл өте дұрыс.