Cаңырауқұлақ қаптаған күз

Жаңбырлы күз шаруаларға тиімсіз болғанымен саңырауқұлақ терушілер үшін таптырмайтын мүмкіндік.

Биыл ел шығысындағы орман іші мұндай өнімге тұнып тұр. Самар ауданындағы Миролюбов ауылының 67 жастағы тұрғыны Нина Косьмина саңырауқұлақ жинап, одан тағам түрлерін жасаудан алдына жан салмайды. Тіпті мұндай дәмділеріне сонау Алматыдан тапсырыс беретіндер бар.

Самардағы жұрттан саңырауқұлақ туралы сұрасаңыз, Нина Косьминаға жол көрсетеді. Расымен де зейнеткердің үйі жасыл желекпен шектесіп жатыр. Сондықтан өзін осы орманның тұрғынымын деп санайды.

Нина Косьмина, зейнеткер:

- Осы орманды шарлап жүргеніме жиырма жыл болыпты. Биылғы өнім керемет. Саңырауқұлақтың он шақты түрі өсті. Тамыздан бері орманнан шыққан жоқпын. Маңайға ​ қаптап кетті. Былтыр мұндай болмап еді.

Себетін саңырауқұлаққа толтырам деген адам нөсер жаңбырдан соң үш күннен кейін орманға кірсе, бос шықпайды. Тек оның жарамдысын ажырата білу маңызды. Нина Косьмина табиғаттың сыйына қамқорлықпен қарау керегін де естен шығармайды.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Саңырауқұлақты терудің өз тәртібі тіпті өз әдебі бар екен. Егер де орманда сіз осындай ағашқа жабысып өсіп тұрған саңырауқұлақ түрін кездестірсеңіз осылай мұқият​ кесек алу керексіз.Сол кезде үш күнен кейін,немесе бір аптадан соң​ дәл осы жерден қайтадан саңырауқұлақ өсіп шығатын болады.

Шаруа саңырауқұлақты терумен ғана бітпейді. Кәдімігідей терге батасың, дейді Нина Косьмина. Тазалап, іріктеп, шайып, дәмін келтіру, баппен қайнату. Осының бәріне жауапкершілікпен қарамасаң, еңбегің зая кеткені.

Нина әжейдің​ саңырауқұлақтарына тапсырыс беретіндер көп. Бірақ ол пайдаға құнығып, шамадан тыс өнім жинап көрген емес.

Нина Косьмина, зейнеткер:

- Маған қанша керек, сонша жинаймын. Артық алмаймын. Орманда да қалу керек. Оның үстіне оны тұздау оңай емес. Осы азын-аулақ өнімді іске жаратып алсам, соған да ризамын. Жақсы дайындай білсең, бәрінен дәмді қысқы​ тағам шығады.Тапсырыс беретіндер бар. Алматыдан да алдыртады.

Жалпы саңырауқұлақты 25 келіге дейін жинауға рұқсат. Артық кесең, салық салынады. Бірақ өлкеде биыл шектен асқандар жоқ. Бұл өнім​ Күршім мен Марқакөлде де қаулап өседі. Ал жаңбырдан​ соң орманға ағылатындардың дені осы Самар ауданы мен Шемонайха, Риддер, Өскемен қаласының ​ тұрғындары.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов