Зардап шеккен кеншілер жан-жақты ем алып жатыр
Қарағанды, Абай, Шахтинск қалаларындағы стационарларға 28 адам жеткізілген, соның 24-і әрі қарай ем алу үшін ауруханада қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оларға жан-жақты, барынша медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - дейді дәрігерлер.
Бибігүл Төлегенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Барлық пациенттерге барлық қажетті диагностикалық тексерулер мен манипуляциялар жүргізілді. Республикалық мамандармен, травматология және ортопедия ғылыми орталығының, нейрохирургия ғылыми орталығынан кеңес беріліп, барлық облыстық штаттан тыс мамандар тартылды. Барлық пациенттер медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.