Үкіметте шахтадағы жарылыстың неден болғаны айтылды
Үкімет отырысында Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы өртке қатысты жағдай қаралды.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың хабарлауынша 28 қазанға қараған түні Костенко шахтасында 700 метр тереңдікте өрт шығып, одан кейін метан-ауа қоспасы жарылған.
Оқиға орнына дереу Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының күштері жұмылдырылды.
Апат кезінде ауысымда 252 кенші болған, оның бесеуін құтқару қызметі тауып, жер бетіне шығарды, 200-ден астам адам өз бетінше көтерілді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша 46-қаза тапқан адамның дене бөлшектері табылды.
Іздеу жұмыстары электр қуатының болмауы, тау-кен қазбаларының ұзындығы және көптеген бұзылған механизмдердің болуы салдарынан қиындағаны айтылды. Жекелеген су басқан қазба орындарына қол жеткізу қиын болған.
Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты.
Шахта қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Апат себептерін тексеру шеңберінде Үкіметтік комиссия мүшелері шахтаға түсті.
Нәтижесінде өте маңызды бұзылулар анықталды: тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен, 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету қондырғылары қираған.
Тергеуге Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдердің сараптамалық ұйымдар тартылды.