Астанада жаңа көпір салынады
Астананың Нұра ауданында жаңа автомобиль көпірі салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нақтырақ айтсақ, ол Қорғалжын тасжолы мен Кенесары көшесін жалғайды. Құрылыс жұмыстары алдағы көктемде басталмақ. Бұдан бөлек, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы 8 жолақты жаңа көпір қолданысқа берілді. Оның жалпы ұзындығы 650 метрден асады. Құрылыс жұмыстары 2 жылға созылды. Нысанды салуға 24,6 млрд теңге жұмсалған. Бұл қаржының дені Ұлттық қордан бөлінді. Су жаңа көпір тәулігіне 40 мыңнан аса көлікті өткізуге қауқарлы.
Әлинұр Әбілмажан, мердігер компания өкілі:
- Бұл көпірдің қызмет етуі егер лайықты күтім болса, 100 жылдан астам уақыт болады. Кепілдік мерзімі – 3 жыл. Мәңгілік ел көшесіндегі, Сарайшық көпіріндегі, Ұлы дала көпіріндегі кептелістерді азайтып, көлік ағынын өзін алады. Осы көпірдің арқасында сол көшелердегі көлік ағыны 15-20%-ке азаяды.