ШҚО-да жол құрылысына жаңа технология қолданылады
Шығысқазақстандық мамандар жол құрылысына ерекше технологияны ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ескі асфальт, топырақ, тау-кен өндірісінен шыққан қалдықтарды араластырып, плита жасауға болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл төзімді әрі сапалы жабынға айналады. Одан бөлек, 60%-ке дейін қаржы үнемделеді. Өйткені жаңадан асфальт төсеудің қажеті болмайды. Биыл аталған технология Сібе көлдеріне апаратын 8 шақырым жолды жөндеу кезінде алғаш рет қолданылды.
Нұрбек Тұраров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
- Енді бұл «пробный» болғандықтан, 1-2 жыл үстін қадағалаймыз, қалай, қандай нәтиже көрсетеді, соған байланысты елді мекендердің, ауылдық елді мекендердің, аудандардың жолдарына ары қарай пайдаланатын боламыз, өз нәтижесін жақсы көрсетсе.