Қазалы ауданында 50 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды
Қызылорда облысының Қазалы ауданында 50 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды.
Сонымен қатар Жанқожа батыр ауылында "Жайлы мектептің" іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі қатысты. Ауданға сапары барысында аймақ басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, бірқатар сұраққа жауап берді.
Айгүл Ақманбетова үйлі болғанына әлі де сене алар емес. Жаңа пәтердің әр бөлмесін аралап, қуаныштан төбесі көкке жеткендей. Баспана кезегіне он жыл бұрын тіркелген. Бұған дейін туыстарының үйін паналапты. Үш баласының бірінің мүмкіндігі шектеулі. Жұбайы өмірден өткен. Тағдыр тауқыметін аз татпаған ананың басты арманы орындалып, Қазалы ауданының орталығынан үш бөлмелі пәтер бұйырды.
Айгүл Ақманбетова, Ойылды ауылының тұрғыны:
- Үйімді көрдім, бөлмелерін көрсетті. Жақсы, әдемі бәрі. Өзіме ұнады. Бұған дейін үйім болған жоқ. Мен ауылдық жерде тұрамын Ойылды разъезінде.
Айгүл Ақманбетовамен қатар қазалылық 50 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды.
Қазалыда алдағы екі жылда екі «Жайлы мектеп» салынады. Соның бірінің іргетасы салтанатты жағдайда қаланды.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
- Ұлттық жоба аясында Мемлекет басшысының қолдауымен 21 «Жайлы мектептің» құрылысы алдағы екі жылда салынып, толық ел игілігіне пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда 10 мектептің құрылысы басталды. Бұл мектептер келесі жылдың 1 қыркүегінде, білім күніне орай +Қалған 11 мектеп жақын күндері басталып, 2025 жылдың басында + пайдалануға беріледі.
Облыс әкімі ауданға сапары аясында құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге 50-ден астам тұрғынды қабылдап, бірқатар сұраққа жауап берді.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин