Боранбаев босатылды
Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК хабарлады.
2023 жылы 6 қарашада Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орнынан босатылды.
Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілді – делінген хабарламада.
Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.