Астанада келер жылы жас дін көшбасшылары форумы өтеді
Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктерінің толе-ранттылық және қатар өмір сүру министрі Нахаян бен Мубарак Әл-Нахаянмен екіжақты кездесу барысында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
Екі тарап дінаралық диалог пен қоғамдық келісім мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту жәйін сөз етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Съезді 2033 жылға дейінгі, дамыту тұжырымдамасын таныстырды.