Елімізде экспорттық-кредиттік агенттік құрылуы мүмкін
Мәжіліс тиісті Заң жобасын мақұлдады.
Қаржы институтына ұлттық мәртебе беріледі. Агенттік шикізаттық емес экспортты дамытып, ілгерілетуге міндеттеледі. Осылайша отандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделеді. Әрі өнімдерін шет елдерге шығарушылар халықаралық тендерге қатысу сынды операцияларға кепілдік алады.
Руслан Райымханов, кәсіпкер:
- Бұл агенттік тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді. Яғни біздің сыртқы нарыққа сенімді түрде шығуымызға мүмкіндік ашылады. Шетелдік компаниялармен байланысымыз да нығая түспек. Жаңа агенттіктің біз үшін пайдасы көп боларына сенімдімін. Сондай-ақ елге валюталық түсімнің көбейеді. Мұның бәрі әлбетте халықаралық тәжірибені қолдана отырып жүзеге асырылады.