Ақтөбеде «Жасыл ел» жасақтары еңбек маусымын қорытындылады
Ақтөбеде «Жасыл елдің» жасақтары жазғы еңбек маусымын қорытындылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өңірдің тазалығы мен экологиясын жақсартуға үлес қосқан жастар арасындағы үздік 100 студент Астанаға туристік жолдама алды. Бұдан өзге, «Үздік сарбаз», «Үздік командир», «Жыл жаңалығы» сияқты номинациялар тағайындалып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Биыл жазда жастар жасақтарының қатарында 2 мыңнан астам ақтөбелік еңбек етті.
Томирис Асқарова, студент:
- Бір ғана маусым жасадым. Бірақ сол маусысмның ішінде де бір жағынан көптеген достар тапты, жаңадан орта әрі өңірімізді көгалдандыруға үлес қостым. Алдағы жоспарым, осы «Жасыл ел» жастар жасағында толық 3 ай жұмыс істесем деген ойым бар.