Жамбыл облысына қарасты Қарасу ауылына сапалы ауызсу берілді
Қырғызстанмен шекаралас аумақта бұған дейін су проблемасы болған еді.
Жаңа мұнара салынып, құрылыс мерзімінен екі ай ерте бітті. 1,7 миллиард теңге жұмсалған жоба аясында 4 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрімен қамтылды. Кейінгі жылдары Қарасу елді мекені қарқынды дами бастады. Былтыр ауылда 90 орындық мәдениет үйі ашылып, спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орындық мектептің құрылысы жүіп жатыр. Жалпы, облыстағы 70 елді мекен, 2025 жылға дейін тіршілік нәрімен қамтылады. Бұл жұмыстарға соңғы үш жылда 50 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды.
Алёна Савицкая, Қарасу ауылының тұрғыны:
- Біз бұған дейін үй шаруасына құдық суын пайдаланып келдік. Бірақ біздегі судан көп қақ қалатын. Сондықтан ас-ауқат үшін тіршілік нәрін Қордайдан тасып ішетінбіз. Шынымны айтсам, таза ауыз суды көп күттік. Қазір барлық ауыл тұрғындары қуанып отыр.