Бородулиха ауыл әкіміне ₸5,4 млн айыппұл салынды
Ал Бородулиха ауылдық округінің әкімдігі мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасаған.
Аудандық прокуратура осындай 37 жағдайды анықтады. Осыған байланысты ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мамандардың айтуынша, әкімдік ауылдағы саябақта жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша екі мәрте мемлекеттік сатып алу өткізген. Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9 млн 100 мың теңге төлеген. Фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған өзге өнім берушімен қайтадан шарт жасасқан. Аудандық прокуратура "сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену, талан-таражға салу" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл жұмыс Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне тапсырылды.