Атырауда 816 тұрғынға жер телімі беріледі

Жыл соңына дейін 816 атыраулық отбасы жер теліміне ие болады.

Қазір қала іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінде «Қайнар» ықшам ауданы бой көтеріп келеді. Оған жол, жарық, ауызсу және табиғи газ тартылған. Бұған дейін қала аумағында жер кезегі баяу жылжып жатқаны жайында айтылды. Қазір 1999 - 2005 жылғы арыздар қаралу үстінде. Жалпы қала бойынша 14 мыңнан астам адам кезекте тұр.

Қуандық Қаппаров, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Жаңа жер учакеліріне баяу берілуі мына, учаскелердің инженерлік-коммуникациямен қамтылмауына байлынысты. Жер кезегінде тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында алға қарай жер учаскелері «Жұлдыз-4», «Зарослый», «Ақсай-2», елді мекендеріне коммуникациямен қамтылғаннан кейін тапсырылады.