Ақтөбе облысының құтқарушылары рейдке шықты
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 9 адам өрттен қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Облыс құтқарушылары қаңтар айынан бері 452 рет тілсіз жаумен күрескен. Дені баспаналарда тіркелген. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары үй-үйді аралап, халыққа қауіпсіздік шараларын еске салды. Бұл жолы құзырлы орган өкілдері облыс орталығындағы 70-ке жуық жатақхана мен хостел тұрғындарымен жүздесті. Себебі мамандардың айтуынша, бұл ғимараттардың көбі қауіпсіздік талаптарына сай келе бермейді.
Азамат Нагимов, қалалық ТЖБ бастығы:
- Қазіргі таңда енді сол жылу қазандықтарына, электр жабдықтарына назар аударып жатырмыз. Кемшіліктерді анықтаған жағдайда парақшаны беріп, ұсыныстар айтып жүрміз оларға.