20 млн-шы бес балаға ₸2 млн сертификат беріледі
Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны болып бірден бес бала атанды.
Олар Түркістан, Ақмола, Атырау, Ұлытау және Жетісу облыстарында 14-ші қарашада бір күнде дүниеге келген. Осы орайда үш ұл мен екі қыздың әрқайсысына «Отбасы банкі» 2 миллион теңге сертификат табыстауға ниет білдірді. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша,, бұл сыйлық – нәрестенің жарқын болашаққа жолдамасы болмақ. Яғни жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы. Сондықтан балалардың ата-аналары өздері тұрып жатқан қаладағы банк бөлімшесіне барып, сыйлығын алуы керек.
Ләззат Ибрагимова, "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрағасы:
- Отбасы банк еліміздің 20 млншы тұрғыны атанған балалардың болашағына өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысына 2 млн номиналды құны бар сертификат сылаймыз. Сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналары өз қаласындағы және видеобанкингпен бізідң банкке келіп сертификатты, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі.