Кәсіпкерлерге арналған қызмет іске қосылды

Енді кәсіпкерлер Бас прокуратураға арыз-шағымдарын арнайы сервис арқылы жолдай алады.

Бүгін кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған «Заңдарды бірге жақсартамыз» қызметі іске қосылды. Яғни, бизнеске кедергі жайттар болса тікелей осында хабарлауға болады. Бұған дейін жазбаша түрде жолданған хат 1 ай көлемінде қаралатын. Ал жаңа сервиске түскен шағымдар 7 күн ішінде тексеріліп, тиісті жауап беріледі. Жоба «Халық  үніне  құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде іске асты. Жалпы биылдыққа Бас прокуратураға 100-ден аса арыз түскен.

Сұлтан Өтебеков, ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма прокуроры:

- Сервис өте оңай. Ол үшін Бас прокуратураның prokuror.gov.kz сайтына кіріп, оған ЭЦП талап етілмейді, жаңағы «Заңды бірге жақсартайық» атты сілтемені басып, ұсыныстар формулярына өз ұсыныстарын енгізіп, жөнелту батырмасын басуы қажет. Көбінесе кәсіпкерлер келесі сұрақтарға арызданады: яғни, ол бірінші, олардың арыз-шағымдарын дұрыс қарамау мемлекеттік органдармен. Екінші мәселе, белгілі бір мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендігіне арызданады. Үшінші, тағы да көп кездесетін мәселе, ол – уәкілетті органдармен тексеріс.