19 қарашада ел аумағында жел күшейеді
Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.
«Қазгидрометтің» болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Мәселен, шығыста жаңбырдың соңы қарға ұласса, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Оңтүстік аймақтарда да температура төмендейді.