Жақсы іс жанды жадыратады
AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты «Менің пайдалы әдеттерім» челленджін қолға алды.
Акция аясында белсенді жастар тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Осылайша жастар қанатының өкілдері қалалықтар бойында қоғамдық жерде өзін өзі әдепті ұстау мәдениетін қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді. Алғашқы күні 100-ге жуық адам сауалнамаға қатысты. Олар өздерінің күнделікті іс-әрекеті туралы әңгімелеп, жағымды әдеттерімен бөлісті. Акция жыл аяғына дейін жалғасады. Бір айдан кейін сауалнама қорытындысы жасалып, нәтижесі әлеуметтік желіде жарияланады. Ал ертең бұл іс-шара еліміздің барлық өңірінде бастау алады.
Сергей Матюшенко, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілі:
- Көбісі халық бізге жауап бергені, ол – қарт кісілерді жолдан өткізу, қоқыс жерге тастамау, именно жәшікке тастау оны. Одан кейін біз халыққа осындай парақтарды беретін боламыз. Осы парақта олар күн сайын пайдалы әдеттерді белгілейтін болады. Ең белсенділерін кішігірім сыйлықпен марапаттаймыз.