Жетісу облысында 67 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жетісу облысының полицейлері отбасында жанжал шығарған 67 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп бұзғандар рейд барысында  анықталды. Төрт күннен бері жалғасып жатқан шараға 400-ден аса полиция қызметкері, Ұлттық ұлан сарбаздары мен офицерлер тартылған. Олар қоғам белсенділерімен ішімдікке әуес тұрғындардың үйіне барып түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Ойын-сауық орындарын, компьютерлік клубтарды тексереді. Бейсауат жүрген балалардың ата-аналарына да тиісті шара қолданады.

Меруерт Морякова, ПД ресми өкілі:

- Отбасылық жанжалдарда ұсталған дебоширлер профилактикалық есепке қойылады. Және учаскелік инспекторлар тарапынан тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрақты тексеріледі. Сонымен қатар осындай фактілер бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.