Алматыда «Креативті Орталық Азия» форумы өтті

Креативті индустрия мемлекетке қомақты пайда әкеліп, ел экономикасының жаңа саласы бола алады.

Алматыда өткен «Креативті Орталық Азия» дәстүрлі форумына жиналған мамандар осындай пікірде. Іс-шараға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан 100-ден астам арт-менеджер мен сарапшы келген. Биыл кино және музыка, білім, сән әлемі мен IT-секторға ерекше назар аударылды. Креативті индустрия ақыл-ой еңбегімен тікелей байланысты. Сондықтан шығармашылық идеяларды коммерцияландыруға мүмкіндік мол. Қазір креативті индустрияға жататын, әрі мемлекеттік қолдауға ие бола алатын бизнестің түрлері анықталған.

Берік Солтанбаев, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы:

- Алматы креативті индустрия орталықтарының бірі. Осы секторда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып отыр. Біздің негізгі міндетіміз-креативті кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Қалада креативті индустрияны дамытумен айналысатын бірінші ұйым құрылды. Қазір сол ұйым қажетті көмекті жасап отыр.