Қарағандыда 3 мыңнан астам кенші арнайы төлем алады

Қарағандыда ірі кәсіпорында жұмыс істейін 3 мыңнан астам кенші келер жылдан бастап, арнайы төлем алатындардың тізіміне енді.

Ал ел бойынша 685 мың жұмысшы зиянды өндірісте жұмыс істейді. Төлемнің  көлемі орта есеппен 208 мың теңге болады. Оны алу үшін, жұмысшының жасы 55-те болуы тиіс. Әрі кемінде 7 жыл зейнетақы жинағы болғаны да шарт. Қазір заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қарауына жіберді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, елде 2 мыңнан астам мамандық түрінің зиянды еңбекке жататынын атап өтті.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Зейнет жасына дейін төленеді бұл төлемдер. Одан кейін бұл төлемдер тоқтатылады, 63-ке жеткенде ол азаматтарға баззалық зейнетақы, ынтымақтастық зейнетақы жүйесі тағайындалып, төленетін болады. Қазір қолданыстағы методология бойынша төлемдердің мөлшері 70 пайыздан төмен болмауы керек, ең төмен күн көріс деңгейінен.