Елде мыңнан астам ақсақалдар кеңесі бар
Мемлекет басшысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы шеңберінде ақсақалдар кеңесін құруды тапсырған еді.
Былтырғы міндет іске асты. Бір жыл ішінде облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде 1 мың 116 ақсақалдар кеңесі құрылды. Жұмысқа 7,5 мыңға жуық адам қабылданып, 4,5 мыңдай іс-шара өткізілді. Бүгін Достық Үйінде өңірлік ақсақалдар кеңесі төрағалары бас қосып, жылды қорытындылады. Алдағы жоспарларын да бір пысықтап алды. Негізгі мақсат - ақпараттық соғыс аясында жастарды араңдатушылықтан сақтау және оларға дұрыс жол сілтеу.
Ғалым Шойкин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі комитетінің төрағасы:
- Ең басты бағыттар тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Жастармен жұмыс істеу. Әр түрлі топтағы азаматтармен қоғамдық келісімді сақтауға қатысты ұлттық бірегейлікті дамытуға жалпы этносаралық қатынастар саласына кері әсер ететін факторларды зерттеп, сол мәселелерді шешу жолдарын іздеу. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жоспар құрып мәселелерді алдын алу шешу.