Хостелдегі қауіпсіздік. 750-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды

Елімізде "Жатақхана" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Рейд барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда жатахқана иелері адамдарды көптеп орналастыру үшін үй-жайларды қайта салу кезінде, ұзартқыштар мен жылытқыштарды қолдан жасап, ақауы бар электр құрылғылары мен сымдарын пайдаланып келген. Осылайша 750-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдке Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге, полиция, әкімдік қызметкерлері және волонтер жастар қатысты.

Мобильді топ көбіне хостелдерді тексерді. 16 мыңнан астам адам сауалнамаға қатысып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.