Петропавлда 9 сынып оқушысы сотталды
Петропавлда қатарластарын балталап өлтірмек болған 9 сынып оқушысы сотталды.
Жаға ұстатарлық жағдай, биыл ақпан айында болған еді. №4 мектепте таңертең сабақ басталмай жатып дәретханада маска таққан Давид Джакиладзе алдына келгендерді балта, пышақпен ұрған. Оның қолынан екі ұл және бір қыз ауыр жарақат алды.
Тергеу барысында күдікті өзін аурумын деп кінәсін мойындамады. Бірақ сараптама қорытындысы оның ақыл-есі дұрыс екенін анықтады. Сот отырысы жабық түрде алқабилердің қатысуымен өтті.
Әбдіқаһар Еркебаев, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- Сот Давид Джакиладзені кінәлі деп танып, 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталушыдан жәбірленушілерге 1,5 млн теңге және 3 млн теңге моральдық өтемақы өтелсін.