Президенттік институт жаңғырудың жаңа дәуіріне қадам басты
Астанада бас қосқан саясаттанушылар Конституцияға енгізілген өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететінін айрықша атап өтті.
Қазақстанда суперпрезиденттік жүйе жойылды. Көздеген мақсат – демократиялық құндылықтарға негізделген басқару жүйесін құру. Кездесуде ғылыми қауымдастық, даму институттары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері реформаларды талқылады. Сарапшылар Президент өкілеттігінің бір мерзіммен шектелуі, Мемлекет басшысының туған-туысқандарының саяси лауазымдарды иеленуіне тыйым салынуы және партиядағы қызметінің тоқталуын өркениетті қоғам құруға жасалған нақты қадам деп бағалады.
Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:
- Біз Совет одағынан бас тарттық, коммунистік партиядан бас тартып, президенттік билікке ауысқанымыз – сол егемендіктің басы, егемендіктің алды болып шықты. Қазір күннен күнге президенттік институт модернизациядан өтіп келе жатыр. Ол да бір эволюция.