Алматыда өрт болған хостелді жалға беруші ұсталды
Алматыда өрт болған хостелді жалға берген адам қамауға алынды.
Тергеу барысында ғимарат осыдан 1 жарым ай бұрын эконом класты қонақ үй ретінде жасақталғаны анықталды. Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеуге кірісті. "Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалды. Бас Прокурордың тапсырмасымен құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған. Бейсенбі таңында тұтанған өрттен 13 адам көз жұмған еді, оның төртеуі шетел азаматы.