Әкімдіктер жүктеген цифрлық деректер талапқа сай емес
1 шілдеден 28 қарашаға дейін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы 1 млн-нан астам қызмет көрсетілді.
Оның ішінде 238 мың кадастрлық төлқұжат берілді. Алайда электрондық платформаның жұмысында олқылықтар бар. Мәселен әкімдіктер жүктеген цифрлық деректердің барлығы талапқа сай емес екендігі анықталды.
Талдау нәтижесі өтінімдерді уақтылы қарамау және негізсіз бас тарту фактілері болғанын көрсетті. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына қатысты мәселелер талқыланды. Премьер-Министр келер жылдың 1 қаңтарынан бастап тиісті мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсету үшін осы кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды талап етті.