Президент «Болашақ» түлектерін құттықтады

Мемлекет басшысы «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтой аясындағы салтанатты форумға жолдаған құттықтау хатында бағдарламаның елдегі кадрлық резервтің құрылуына ықпал еткенін атап өтті. Бүгінде мыңдаған түлек Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек етуде. Түрлі саладағы оң өзгерістерге себепші болған да осылар. Президент еліміз дамудың, даңғыл жолына түскенін еске салды. Әрине мемлекет мақсатына берік жастарды, адал азаматтарды қолдай береді. Қасым-Жомарт Тоқаев оның басында "Болашақ" бағдарламасының түлектері тұратынына сенімді.

Қазір Қазақстанды өркендете түсу үшін тың серпіліс қажет. Біздің алдымызда ел экономикасының құрылымын қайта түзу, саяси жүйені одан әрі жаңғырту және шын мәнінде әділетті әрі инклюзивті қоғам қалыптастыру сияқты ауқымды міндеттер тұр. Осы орайда білім беру саласына инвестиция салу және азаматтардың өз әлеуетін толық пайдалануына мүмкіндік жасау өте маңызды. Мемлекет адал азаматқа тән қасиеттерді бойына сіңірген дарынды, еңбекқор, талапты жастарды әрдайым қолдайды.