Атыраудағы бірнеше шағын аудан тұрғындары ауызсусыз қалды
Күннің күрт суытуы салдарынан кеше Жайық өзені қатып, арнайы сорғы істен шыққан.
Осыған байланысты "Атырау облысы Су Арнасы" мекемесі су беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Түні бойы стансаларда мұз ою, құбырларды тазалау үшін облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылды. Су құбырындағы ақауларды жою әлі жалғасып жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды.