«24 KZ» ішкі мазмұнын да жаңартты
24 кз сырт пішіні ғана емес, ішкі мазмұнын да жаңартты.
Бүгіннен бастап белгілі «Хабар 24» арнасы өзгеріп, бұрынғы «24 KZ» атауымен эфирге шықты. Телеарнаның жаңарған логотипі ақ-қызыл түсті екі цифр арқылы беріледі. Ал KZ халықаралық аренадағы белгісі болмақ. Яғни телеарнаның қазақстандық екендігін әйгілейді.
Ақерке Қуралсын, RT графика бас дизайнері:
- Арнаның ребрендингіне байланысты көп жұмыстар атқарылды. Біздің дизайнерлік командамен графикалық автоматтандыру да жаңа жобалар, жаңа трендтер, жаңа шешімдер пайдаландық. Алдағы уақытта «24 KZ» арнасы мазмұнды, ауқымды болады деген сенімдемін. Ребрендингке жалпы бүкіл командамен жұмыс атқардық. Және 3 айдың көлемінде жұмыстар жасалынды. Барынша креативті, барынша жаңашаландыру жасадық деген ойдамын.
Ақпараттық телеарнаның сырт пішіні ғана емес, ішкі мазмұны да жаңарды. Ребрендингтен бөлек, жаңалықтар форматы түрленді. Тілшілер, режиисерлер, операторлар сырттағыдан бөлек, жаңа студияда өз шеберліктерін көрсетеді.
Еділ Ермекбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ ТЖК бөлімінің бастығы:
- Операторлардың жұмыстары бойынша балалардың кәсіби деңгейінің көтеру үшін қолдан келгенше оқуға жіберіп, болмаса спикерді осында алдырып балаларға дәріс оқытып, балаларды дайындап, жаңа маусымға жаңа күшпен, жаңа ойлармен дайынбыз.
Жалпы «24 KZ» арнасы 2012 жылы 1 қыркүйекте ашылған. Ал 2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Хабар 24» атауына көшті. Арна «24 KZ» атауымен небәрі 4 жыл, ал «Хабар 24» атауымен шамамен 7 жыл хабар таратты. Бүгіннен бастап «24 KZ» атауына қайта оралды.
Авторлары: Әлішер Әли, Артур Горшняков