Елде 15 ірі құс фабрикасы іске қосылады

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - маңызды міндет.

Үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу қажет. Мемлекет басшысы Үкіметке бұл жұмысты бизнес өкілдерімен бірлесіп атқаруды тапсырды. Саланың импортқа тәуелділігін азайту үшін ірі инвестициялық жобалар қолға алынып жатыр. Сүт өнімдерін шығаратын 115 ферма салынады. Олар жыл сайын 600 мың тоннаға дейін өнім береді. 15 ірі құс фабрикасы іске қосылады. Бұл кәсіпорындар жылына 120 мың тонна ет өндіреді. «Әр ірі жоба ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді», - деді Президент.