Заң шығару ісін жетілдіру талқыланды

Заңдардың тілі қалың қарашаға түсініксіз.

Шимай-шатпақ термин мен күрделі-құрмалас сөйлемдердің кесірінен оны түсінбек түгілі оқу мұң. Сол үшін сарапшылар мен шенді-шекпенділер дөңгелек үстелде бас қосып, “Заң шығару процесін жетілдіруді” талқылады. Жауаптылардың сөзінше, енді құжаттардың қазақ яки орыс тіліндегі тұпнұсқалары тең болады. Аудармаға да талапты күшейту жоспарланып отыр. Бұл мәселе қоғамдық талқылауға арналған порталдарға да қатысты. Көп тақырыптың мәні мен мазмұнын түсініксіз. Сосын талқылауға ешкім қызықпайды. Бұл сайып келгенде аударма ісінің шалалығын көрсетеді.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

- Шараның ең басты мақсаты - қолданыстағы рәсімдерді қайта қарап, қайта шолу өткізу. Өйткені қазір қоғамда ұсыныстар пайда болып жатыр. Қабылданып не қарастырылып жатқан заң жобаларын халыққа түсіндіру мәселелері, қазақ тілінде заңдарды жазу мәселелеріне қатысты көптеген мәселе қарастырылып жатыр.