Жылу орталықтарындағы апаттың жиілеуінің қосалқы себебі аталды
Жылу орталықтарындағы апаттардың болуына тек инфрақұрылымның тозуы емес, мамандардың жетіспеушілігі себеп.
Мәжілісмен Юлия Кучинская осындай пікірде. Өңірлерде желілердің жай-күйіне кәсіби аудит жүргізетін, ақауларды жою жоспарын әзірлейтін және осы жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ететін кадр жоқтығын алға тартты. Мәжіліс депутаты Үкімет басшысынан мектептердегі кәсіптік бағдар беру жүйесін қайта қарауды әрі жоғары оқу орындарында техникалық мамандықтар бойынша грант санын көбейтуді сұрады.
Юлия Кучинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Былтыр «Көлік құрылымдары» мамандығына 314 грант бөлінсе, 25-і ғана үміткер болды. Ал «Дене шынықтыру пәні мұғалімі» мамандығы бойынша 210 грантқа 5 мыңнан астам талапкер тайталасты. Тек грант бөліп қоймай, студенттерді әрі қарай қолдау мәселесіне назар аудару керек. Оқуда арнайы мамандармен тәжірибелік жұмыстарды көптеп ензгізу қажет.